384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада үш автобус соқтығысып, екі адам көз жұмды

  • 1130
  • UPD: 19:51, 26.03.2019

Елордада екі жолаушылар автобусына үшіншісі соғылды.

«Бұл қала маңындағы бағдар, екі автобусқа үшіншісі келіп соғылды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер бар екендігі туралы мәлімет келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша мерт болған адамдар да бар», - деп жауап қайырды ресми сауалға «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева. Елорда полициясы көз жұмған адамдар туралы ақпаратты растады.

«Үш автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттың себебі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша 303-ші бағдардың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы