379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев тікұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты

  • 382
  • UPD: 13:00, 28.03.2019
Қ.Тоқаев тікұшақ апатынан көз жұмғандардың жақындарына көңіл айтты The Qazaq Times

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қазақ тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Мен тиісті мемлекеттік органдарға тікұшақ апатының себептерін зерттеп, қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым», – делінген көңіл айту мәтінінде.

27 наурызда 17:35-те «112» пультіне Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Тікұшақтың апатқа ұшырауының себебі белгісіз. Ол толықтай өртеніп кеткен. Бортта 13 адам болған.

Әуе кемесі ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштеріне тиесілі болған. 

Оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы аттанды.

Хабар 24 телеарнасы