379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас Прокурор тікұшақтың апатқа ұшырауын тергеуді бақылауына алды

  • 312
  • UPD: 16:49, 28.03.2019
Бас Прокурор тікұшақтың апатқа ұшырауын тергеуді бақылауына алды arnapress.kz

Қорғаныс министрлігінің әскери тікұшақ апаты бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 464-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу).

Қайғылы оқиғаның өзектілігіне орай, қылмыстық іс Бас әскери прокуратурасы арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданды.

ҚР ІІМ-нің Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды.

Тергеу барысы Бас Прокурордың бақылауына алынды.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы Жалағаш ауданында тікұшақ құлап, борттағы барлық 13 әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлайды. Сондай-ақ ведомство басшылығы қаза тапқандардың отбасыларына моральдік және материалдық көмек көрсетілетінін айтқан болатын.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оған 130 адам жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы