377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды

  • 683
  • UPD: 16:30, 28.03.2019

Қызылорда облысында апатқа ұшыраған «Ми-8» тікұшағындағы экипаж есімдері белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери әуе көлігі Ақтау гарнизонының №30153 авиация бөліміне тиесілі. Тікұшақ Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр ауылынан шамамен 7-8 шақырым жердегі Шіркейлі арнасының маңына құлаған. Апат орнында полиция қызметкерлері мен əскерилер жұмыс жүргізіп жатыр. Оқиға себебі анықталуда. Айта кетейік, ұшу метеорологиялық қиын жағдайда кешенді тексеріс және арнайы бөлімшелерінің жаттығуы аясында іске асырылған. Апатқа ұшыраған тікұшақ 4 бірдей әскери әуе көлігі құрамынан құралған бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентті бет алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда сағат 17:35-те «112» пультіне Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан 13 адам қаза тапты:

Майор Роман Костыгов,

майор Тимур Кұдайбердиев,

лейтенант Аслан Айтбаев,

майор Данияр Коңырбай,

майор Сабыр Тоқбаев,

капитан Сырым Мәселім,

3 дәрежелі сержант Қайрат Нұрсапанов,

аға сержант Мұрат Шәріпов,

кіші сержант Асхат Абдұлманат,

ефрейтор Айдын Әбділдинов,

ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев,

ефрейтор Өмірхан Қауқаев,

ефрейтор Мирас Жұматаев.

Хабар 24 телеарнасы