379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды

  • 206
  • UPD: 16:54, 04.04.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды akorda.kz

Мемлекет басшысының Ресей Федерациясына екі күндік ресми сапары басталды.

Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретінде сырт елдерге алғаш рет табан тіреуі. Мәскеу әуежайында құрмет қарауылының сарбаздары сап түзеп, Президентті бірқатар лауазымды тұлға қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізеді. Кремльде өтетін басқосу алдымен шағын құрамда өрбиді. Оған Қазақстан тарапынан Мемлекеттік хатшы, Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Қазақстанның Ресейдегі елшісі қатысады. Кейін кеңейтілген құрамда тағы бір кездесу жоспарланған. Бұдан әрі президенттер құжаттарға қол қою рәсіміне қатысып, бірлескен мәлімдеме жасайды. Атап айтқанда, екі ел үкіметіне «Байқоңыр» кешенін газдандыру жөнінде пәрмен береді. Сондай-ақ Қазақстан-Ресей өнеркәсіптік кооперация саласындағы іс-қимыл бағдарламасы мен кәсіпорындардың өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық кооперациясына бағытталған жоспар бекітіледі.

Хабар 24 телеарнасы