379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Мәскеуде Ресей Президенті В.Путинмен кездесті

  • 337
  • UPD: 20:43, 03.04.2019

Кремльде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин кездесті.

Қос тарап шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Екі елдің мемлекет басшылары өзара сауда-саттық мәселесіне тоқталды. Одан бөлек өзге де салалардағы байланысты бекемдеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Қасым-Жомарт Кемелұлы сізді Ресейде қарсы алғаныма қуаныштымын. Біз бұрыннан жақсы таныспыз. Дегенмен, мемлекет басшысы ретінде алғаш рет келіп отырсыз. Сізді жоғары лауазымыды қызметке кірісуіңізбен құттықтаймын. Арадағы байланыстың қай деңгейде екенін жақсы білесіз. Әрине оның бәрі Тұңғыш Президенттеріңіздің арқасы. Екі жақты қарым-қатынас және халықаралық ұйымдар аясында зор жетістіктерге жетіп келеміз. Бұл кездесу осы бағытта өз септігін тигізуі тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сізге бұл сапардың жедел ұйымдастырылуына атсалысқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Сізге алдымен Елбасының сәлемін жеткізгім келеді. Дұрыс атап өттіңіз, Тұңғыш Президент Қазақстан-Ресей байланысын дамытуға қосқан үлесі зор. Біз қазір одақтастық ұғымын жақсы білеміз. Екі ел арасындағы әріптестік жөніндегі құжат осы бағытта өз септігін тигізіп келеді. Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, байланысымыз озық үлгіде. Менің міндетім сол істі жалғастыру. Бұл жолда қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Дәл осындай қарым-қатынас ұлттық мүдделерімізге де сай келеді. Алдағы уақытта қолға алынуы тиіс шаруалар көп.

Хабар 24 телеарнасы