384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

  • 998
  • UPD: 15:20, 04.04.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Президент Мәскеудегі белгісіз жауынгерлер ескерткішіне гүл шоғын қойды. Ұлы Отан соғысы құрбандарына тағзым етуге делегация өкілдері түгел барды. Ескерткіш Кремль алаңындағы Александр бағында орналасқан. Мұнда Ресейге арнайы сапармен барған мемлекет басшылары тағзым етеді. Игі дәстүрді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та жалғастырды. Ұлы Отан соғысына 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, мыңдағаны қан майданда із-түзсіз кеткенін ескерсек, бұл шара ұлт руханияты үшін аса маңызды.

Гүл қою рәсіміне Мемлекеттік хатшы, Премьер-Министрдің орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және бірқатар министр де қатысты. Ұлы Отан соғысында көз жұмған белгісіз жауынгерлер ескерткішіне олар да тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Хабар 24 телеарнасы