384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев РФ Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен кездесті

  • 1193
  • UPD: 17:38, 04.04.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық байланысын нығайтуға сеп болатын тағы бір кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеуге жасаған ресми сапары аясында Ресей Федералды Жиналысы Федерация кеңесіне барды. Ондағы құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырып, кеңес төрайымы Валентина Матвиенкомен екіжақты байланыс төңірегінде әңгіме өрбітті. Оны одан әрі дамыту жөнінде өз ойларын да ортаға салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сіздермен Мәскеуде көрісіп отырғаныма қуаншытымын. Мұнда ресми сапармен келуім арадағы достықтың үздіксіз жалғаса беретінін білдіреді. Әріптестіктің көкжиегі кең. Оны сақтап, әрі дамыта білуіміз керек. Алда жұмыс көп. 29 мамыр күні елордамызда Еуразиялық экономикалық одақтың саммиті өтеді.

Валентина Матвиенко, РР Федералды жиналысы федерация кеңесінің төрайымы:

– Сізді Мемлекет басшысы қызметіне кірісуіңізбен құттықтаймын. Алғашқы ресми сапарыңызды Ресейден бастадыңыз. Бұған шын мәнісінде разымыз. Оның үстіне, тығыз жұмыс кестеңізге қарамастан, Федерация кеңесіне келуге уақыт таптыңыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Еуразиялық экономикалық одақ біраз алға жылжыды. Бастапқы кезеңмен салыстырғанда, тиімділігі жыл сайын артып келеді. Оны сол қалпында дамыта беруге міндеттіміз. Бұл ұйым өзара интеграцияда маңызды рөл атқарады.

Хабар 24 телеарнасы