389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді

  • 895
  • UPD: 23:45, 06.04.2019

Ертіс өңіріне Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіру үшін Үкімет тобы барды.

Оның барысында Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев цифрлық қызметтер және халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Өткен жылы мұнда 600 мыңға жуық қызмет көрсетілсе, оның 130 мыңы өзіне қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асқан. Жалпы Павлодар облысында 17 фронт-офис жұмыс істеп тұр. Гүлшара Әбіқалықова аз қамтылған және көп балалы отбасыларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Бүгінгі күнге дейін жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек алуға 1 жарым мыңнан астам өтініш түсіпті. Олардың қатары әлі де толығуы мүмкін. Ал Nur Otan партиясының облыстық филиалында өткен жиында әлеуметтік мәселелер кеңінен қамтылды. Үкімет мүшелері білім және медицина саласы, тұрғын үйге қатысты сауалдарға жауап берді. Өңірлерді дамыту жағы да сөз болды.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Өңірлерді дамыту оны өздеріңіз білесіздер ауыз сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, энергияны дұрыс пайдалану. «Ауыл - ел бесігі» деген бағдарлама бар. Жылына 30 миллиард бөлініп, ауылдың жағдайын ары қарай жақсарту үшін жұмсалатын болады.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Жәрдемақыны тағайындау сол отбасының табысына одан кейін күнкөріс деңгейіне байланысты болады. Бұрын енді 50 пайызбен есептелетін болса, енді табыс көлемі 70 пайызға дейін көбейтіледі. Яғни бұрын 14 мың 849 теңге болса, енді ол 20 мың 789 теңгеге дейін көбейетін болады. Біздің болжам бойынша осы шарамен бұрын 570 мыңға жуық қазақстандық қамтылса, енді олардың саны 830 мыңға дейін өседі. Оның ішінде павлодарлықтардың саны орташа есептегенде 3 мыңға өседі.

Хабар 24 телеарнасы