378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Венгрия премьер-министрімен кездесті

  • 282
  • UPD: 15:33, 24.04.2019

Ақордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен жеке кездесу өткізді.

Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан делегациясының мүшелерімен таныстырды. Содан кейін Мажарстан делегациясының мүшелерімен танысты. Одан әрі екі елдің мемлекеттік әнұрандары ойналды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары жеке кездесу өткізіп жатыр. Одан кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің өтетіндігі жоспарланған. Оның қорытындысы бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біз Мажарстанды Орталық және Шығыс Еуропа аймағындағы, Еуропалық одақ аясындағы негізгі әріптесіміз деп санаймыз. Елдерімізді саяси және экономикалық мүдделерімізбен қатар халықтарымыздың ортақ тарихи тамыры біріктіретіндігін айрықша ризашылықпен атап өтемін. Ұлы дала көшпенділерінің 100 мыңнан астам ұрпағының басын қосып отырған мажар қыпшақтарының одағына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметті лидері болып сайлануы – біздің достық және тығыз қатынастарымыздың айқын айғағы. Бұл өзара байланыстардың дамуына орасан зор үлес қосқан Елбасының ерен еңбегінің кеңінен мойындалғанын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы