378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңге барды

  • 351
  • UPD: 09:10, 26.04.2019

Бүгін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына 4 күндік сапармен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасы ертең «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық әріптестік форумына қатысады. Шараның ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының төрағасы және Ресей Федерациясының президентімен қатар сөз беріледі. Яғни ауқымды жиын алаңында алғашқылардың бірі болып пікір білдіреді. Айта кетейік, Н. Назарбаев екі күндік форумның ашылу салтанатынан бөлек, ресми қабылдауларға және көшбасшылардың панельдік сессия отырыстарына қатысады. Ал сәуірдің 28-і Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесу өткізеді. Сондай-ақ сол күні Қытай мәдениет қайраткерлерімен бас қосады деп күтіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы