379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев Қытайдағы «Бір белдеу, бір жол» форумының ашылу салтанатында сөз сөйледі

  • 236
  • UPD: 11:12, 26.04.2019

Қытай астанасы Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» екінші экономикалық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр.

Жоғары дәрежелі саммитке 160 мемлекеттің ресми делегациясы қатысуда. Оның ішінде, 40 шақты елдің президенті мен үкімет басшылары да бар. Қазақстандық делегацияны еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастап барды. Шараның ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы және Ресей Федерациясының Президентімен қатар сөз берілді. Ауқымды жиын алаңында ой өрбітіп, пікір айтты.

Ал осыған дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі парақшасында «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумның ашылу салтанатына қатысуда» деп хабарлаған еді.

Хабар 24 телеарнасы