387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы «Бір белдеу, бір жол» форумының жабық есік жағдайында өткен бірнеше отырысына қатысты

  • 611
  • UPD: 19:29, 27.04.2019

Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту – ғасыр жобасы. Ол тек транзитті ғана қамтымайды. Еуразия құрлығындағы елдердің дамуына да екпін береді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары жалғасты.

Тұңғыш Президент «Бір белдеу, бір жол» екінші халықаралық әріптестік форумының жабық есік жағдайында өткен бірнеше отырысына қатысты.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Қытай астанасында жоғары дәрежелі меймандар бүгін де бас қосты. Әлем назарын өзіне аударған «Бір белдеу, бір жол» форумының панельдік отырыстары «Яньци» орталығында өтті. Ғимарат алаңындағы қызу дайындықтың өзі мұнда қаралатын мәселелердің маңыздылығын аңғартып тұрғандай. Ең әуелі 40-қа жуық елден келген мемлекет басшыларының аяқ астына төселген қызыл кілемге көз түседі. Оған қызметшілер мүлде шаң жуытар емес. Көп ұзамай қаз-қатар тізіліп тұрған құрмет қарауылы мәртебелі меймандарды қарсы алды. Хаттама талаптары бойынша алдымен халықаралық ұйым жетекшілері келді. Кейін президенттер мен премьер-министрлер бой көрсетті. Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нысанға ең құрметті қонақ ретінде ең соңынан кірді. Сөйтіп, Қытай Төрағасымен қол алысып, жылы жүздесті.

Форум аясындағы алғашқы сессия «Дамудың жаңа көздерін табу мақсатында үйлесімділікті нығайту» деп аталды. Әрбір елдің көшбасшысымен қатар үкімет өкілдері де осы жерге жиылды. Жібек жолы саясатын жүзеге асырушы Қазақстан, Қытай, Ресей тарапы ұсынып отырған жаңа бастамалар да ауқымды. Инфрақұрылымды дамыту, инвестиция тарту, цифрлық технологияларды енгізу әрі әлемдегі тұрақсыздық жағдайында бірлескен іс-қимылға көшу. Қай қайсы да жан-жақты зерделеуді қажет етеді. Сондықтан көшбасшылар оларды жабық есік жағдайында талқылауды жөн көрді. Ал бұл панельдік сессия қорытындысы. Осы тұста сарапшылар форум алаңында айтылған ұсыныстарға өздігінен баға берді. Әсіресе экономиикалық әріптестікті тереңдетуден Орталық Азия елдеріне түсер пайда сараланды.

Ван Ивэй, Қытай халық университетінің профессоры:

- Осы бастама арқылы Қазақстан көздеген мақсатына жете алады. Қытай да сол арқылы Батыспен байланысын қайта жолға қояды. Қазір біздің ел сіздермен көптеген жобаларды жүзеге асырып жатыр. Соның бірі Ляньюньгань порты. Қазақстанның шекарасы мұхитпен шектеспесе де осы порт арқылы тауарларын алып нарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Ал Қазақстан біз үшін Орталық Азияға жол ашқанын айта кеткен жөн.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Қытайлық сарапшылардың осылай ой өрбітуіне негіз бар. Еліміз шығыстағы көршімізбен кең ауқымды әріптестікті қолдайды. Панельдік отырыстар аяқталған соң көшбасшылар ортақ суретке түсті. 

Айта кетерлігі, Елбасы бұл елге жасаған әрбір сапарында жергілікті медиакеңістікте танымал тұлғаға айналады. Осы жолы да кешегі форумның ашылу рәсімінен кейін Қытайдың ірі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат берген еді. Мәселен, Елбасы «Бір белдеу, бір жол» аясындағы инфрақұрылымдық жобалар елдердің сыртқы қарызын өсіріп жібермей ме деген көкейкесті сауалға жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Казахстан находится в самой середине. Поэтому мы сразу подключились. Вы знаете что у нас есть программа Нурлы жол светлый путь и один пояс один путь они соединились между сабой и получилась хорошая синергия. Я вам говорил, что это заставила нас строить дороги. А Казахстан не имеет выхода к морям за счет этих дорог Казахстан стал государством который может выйти во все моря во первых. Что касается долговых обезательств это дело каждого государства, брать долги не брать. Поэтому это вопрос риторический. Это очень великая идея, которая имеет перспективу.

Елбасы Қытаймен әріптестік көкжиегін кеңейту жайына да кеңірек тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Китай я расматриваю не просто как страну, а полную как цивилизацию работа которого имеет огромное значение. Это стало за 40 лет второй экономикой мира. Крупнейшей. Из Казахстана в Китай идут газопроводы, нефтепроводы которыми пользуются здесь. Причем мы друг-другу помогаем.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Бүгін түс ауа Елбасы тағы бір панельдік сессия отырысына қатысты. Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары ертең де жалғасады. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түс ауа Қытай мәдениетінің көрнекті өкілдерімен жүздесіп, кейін еліміздің үкіметі мүшелерімен Халық жиналысы үйінде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпен екі жақты кездесулер өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы