389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

  • 491
  • UPD: 18:08, 28.04.2019
Мемлекет басшысы православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады YK-news.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Құрметті отандастар!

Барша православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл күн діндар адамдардың жүрегін мейірім мен қуанышқа бөлеп, рухани құндылықтар мен биік адамгершілік идеалдарды құрметтеуге, игі істерге үндейді.

Дәстүрлі Пасха мейрамы отбасылық қасиеттерді, қайырымдылықты, жақын жанға деген махабатты, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытуын ұлықтайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кемел саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен келісім орнаған, сондай-ақ барлық этностар мен конфессиялар өзара сыйластықта өмір сүруде.

Қазақстандықтар өсіп-өркендеу және даму жолында әрдайым ынтымақ пен бірлік танытып келеді.

Пасха мейрамы сіздерге бақ-береке әкеліп, игі бастамаларыңыздың жаршысы болсын!

Хабар 24 телеарнасы