379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Елбасы төрағалығымен ҚХА XXVII сессиясы басталды

  • 233
  • UPD: 15:54, 29.04.2019
Астанада Елбасы төрағалығымен ҚХА XXVII сессиясы басталды

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы жұмысын бастады.

Сессия  «Татулық пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» күн тәртібімен өтуде.

Айтулы жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Сондай-ақ сессия жұмысына еліміздің әр өңірінен келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестік төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдар, саяси партиялар, діни бірлестік, үкіметтік емес ұйым басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар, жалпы саны 1 500-ден астам адам қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы