379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев: Ассамблеямыз әрдайым татулық пен тұрақтылықтың кепілі болып қала береді деп сенемін

  • 355
  • UPD: 23:42, 29.04.2019

Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді.

Көпэтносты еліміздің басын біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын үлкен мінбе болып саналады.

Елордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Елбасы осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев татулық пен тұрақтылық еліміздің ең басты кепілі екенін атап өтті.

Ассамблеяның ХХVІІ сессиясына Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етті. Отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Алқалы жиын дәстүр бойынша ассамблея Төрағасының орынбасарларын тағайындаудан басталды. Олар – шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Келегов Юсуп пен өзбек этномәдени бірлестігінің өкілі Шерзод Полатов.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы:

- Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Көпэтносты еліміздің басын біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын мінбер болып келеді. Бүгінде құрылым татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып саналады. Глобальный мир переживает мощнейшую трансформацию. Мы все понимаем, что живем уже в совершенно новую историческую эпоху. Кардинально изменились экономика, жизнь общества, технологии. Мы принимаем эти новшества, многому учимся, уже многое умеем. Но в этом мире переменных величин есть одна постоянная, фундаментальная ценность – единство общества и межнациональное согласие.

Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда халықтың ынтымағы маңызды. Түрлі сын-қатерлерден мемлекет тек бірліктің арқасында өте алады. «Дәл осы фактор біздің болашақтағы бәсекеге қабілеттігімізді айқындайды», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы:

- Во-первых, нужно с сожалением признать, что эпоха перемен и достижений не сделала мир безопаснее. Сегодня насчитывается около четырех десятков горячих точек и тлеющих конфликтов, в которые вовлечены почти три десятка государств. Причина большинства из них кроется во внутренних межэтнических и религиозных противоречиях. Мы видим, что от этого не застрахован сегодня никто.

Н.Назарбаев әлемдік миграция мәселесіне де тоқталды. Бірлігін жоғалтқан елдер сұрапыл соғыстың құрбаны болады. Ал соғыстың зардабын көретін қарапайым халық. Статистика бойынша этносаралық қақтығыстар алпауыт мемлекеттердің құлдырауына әкеліп соғады. Сондықтан Елбасы басқару жүйесіндегі ұлтаралық және діни саясаттағы қателіктер кешірілмейтінін баса айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы:

- Сегодня число мигрантов превышает 258 миллионов человек, из них порядка 70 миллионов – это беженцы. Мощные миграционные волны резко меняют социальный и политический баланс, сам уклад жизни во многих странах. Ответная реакция на сложившуюся ситуацию – это обострение кризиса терпимости и рецидив ксенофобии даже в самых толерантных обществах Запада.

Елбасы Қазақстан халқы бірлігінің арқасында 30 жыл бұрынғы халықаралық сарапшылардың деструктивті болжамдарының бәрін жоққа шығарғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы:

- Давайте вспомним, как тридцать лет назад известные международные эксперты говорили, что Центральная Азия может стать «новыми евразийскими Балканами». Они указывали на особенности этнорелигиозного состава наших обществ и уверенно прогнозировали, что государства региона не имеют будущего и исчезнут в пучине конфликтов. Но за годы Независимости мы – народ Казахстана уверенно опровергли все деструктивные прогнозы. 

Сараптай келе Елбасы Қазақстан бірлік пен ынтымақты нығайтудың дұрыс жолын таңдағанына және бұл жолда Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерек екенін мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы:

- Первое. Важнейшим решением стало создание Ассамблеи народа Казахстана. Рожденная народной волей, она превратилась в авторитетный конституционный орган. С первых дней Ассамблея проявляла и проявляет ответственность перед государством и всем нашим народом. АНК гармонично вовлекла в государственное строительство все казахстанские этносы и религиозные конфессии. Интегрировав нашу Ассамблею в политическую систему государства, мы сформировали свой уникальный курс национального единства. Вот уже 12 лет как она официально представлена в Мажилисе Парламента. 9 депутатов, избранных от Ассамблеи в главный законодательный орган страны, стали послами мира и согласия. Второе. Создана прочная правовая база межэтнического и межконфессионального равенства. Она включает целую систему законов – о свободе вероисповедания, о языках, об общественных объединениях, Ассамблее народа Казахстана. У нас нет ни одного закона, который бы ущемлял права этносов. Равенство всех граждан прямым текстом прописано в Основном законе страны. Третье. Политика нашего государства в межэтнической сфере основана на принципе «Единство в многообразии». Наиболее ярко это проявилось в языковой политике.

ХХVІІ сессия жұмысына 1,5 мыңнан астам адам қатысты. Олардың ішінде Маңғыстау өңірінен келген Джамалайл Элимханов. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде оның отбасы Қазақстанға көшіп келген. Қиын-қыстау кезеңде өздеріне пана болған Қазақстанға шешен этномәдени бірлестік өкілі өз ризашылығын білдірді.   

Джамалайл Элимханов, «Емир-ойл» ЖШС басқарма басшысы:

- Бауырлас қазақ халқы бізді құшақ жая қарсы алып, маған екінші өмір сыйлады. Мен бұл жерде мектеп пен университетті үздік бітіріп, қазақ, ағылшын және қытай тілдерін меңгеріп алдым. Бүгін мен 26 жастамын. Бұрын босқын, зағип жан және соғысты көрген бала болдым. Ал қазір Малайзияның мұнай компаниясында кен орындары басқармасын басқарамын. Сондықтан Қазақстанда өз күшімен, өз еңбегімен жетістікке жету мүмкін емес деп маған ешкім айта алмайды.

Бауырлас түрік елінен келген саясаттанушы Кюршад Зорлу өзінің Қазақстанға деген ыстық ілтипатын білдірді. Елбасына деген түрік халқының құрметін атап өтті.

Кюршад Зорлу, саясаттанушы (Анкара):

- Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы тек қазақ халқы үшін емес, Түркия халықтары үшін де болашаққа жол көрсететін айқын бағдарлама деп айтар едім. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, 2 жыл бұрын әлеуметтік желі қолданушылары арасында сауалнама жүргізілді. Қатысқандар бірауыздан сізді түркі әлемінің ең көрнекті және танымал тұлғасы деп таныды. Халықаралық саясаттағы биік беделіңіз үшін түрік жұрты сізді түркі әлемінің беделді көшбасшысы деп ерекше құрметтейді.

Сессия жұмысына қатысушылардың арасында ең жас өкілдердің бірі – 17 жастағы Евгений Демеденко. Былтыр ол жаңа ұшақтарды физикалық және дизайнерлік безендіру бойынша жоба ойлап тапқан. Қазір Евгенийдің жобасы Ұлыбританиядағы Кренфилд аэроғарыш университетінде іске асырылып жатыр.

Евгений Демеденко, оқушы:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, авиақұрылыс, анимация, биология және көлік логистикасы. ІТ бағдарламалау арқылы мен бұл салаларда жетістікке қол жеткіздім. Мен Назарбаев Университетінде білімімді шыңдап, Қазақстанда жұмыс істегім келеді. Жастар бір-бірімен білімін бөлісуі керек. Мен «Зерен» жазғы лагерінің алаңында Ассамблеяның арнайы жастар маусымын өткізуді ұсынамын.

Бүгінде экономика, қоғам өмірі, технологиялар түбегейлі өзгеріске ұшырағанына тоқталған Тұңғыш Президент бұл әлемдегі қоғамның бірлігі, ұлтаралық келісім секілді тұрақты әрі маңызды құндылықтар бар екенін қадап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы:

- Давайте будем воспитывать молодежь через Ассамблею терпимости, толерантности, умению находить себя в этой жизни. Тем более будущее идет галопом, не успеваешь. Чтобы не глотать пыль за уходящими государствами нам надо сильно подтягиваться. Поэтому образование, учеба и наука имеют первостепенное значение, и наше государство именно этим и занимается. Я вам всем желаю крепкого здоровья, успехов, с наступающим праздником. Дай бог нам живыми здоровыми встретиться на следующей сессии Ассамблеи.

ҚХА – елдегі ынтымақтың тірегі екенін азаматтық жылдарында әбден дәлелдеген институт. Біздің ұран біреу – «Біргеміз, берік іргеміз».

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Өмірбек Изимов

Хабар 24 телеарнасы