378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

  • 245
  • UPD: 14:50, 30.04.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фэйсбук парақшасында жазды.

«Қазақстан Президенті жұмыс сапармен Алматы қаласына келді. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көп балалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесулері жоспарланған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады», – делінген жазбада.

Хабар 24 телеарнасы