378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

  • 486
  • UPD: 10:12, 01.05.2019
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні old.zhambyl.gov.kz

Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр – ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр.

Татулық пен келісім қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Мемлекеттегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналған мереке 1995 жылдан бері тойланады. Қазақстан шаңырағының астында бүгінде 150-ден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүреді. Мерекеге орай республикамыздың барлық өңірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Елордадағы «Қазақ елі» монументі алаңында мерекелік концерт, театрландырылған көріністер мен ұлттық ойындардан жарыс өтеді. Достық мерекесін бүкіл халық болып тойлауға қалалық алаңда да түрлі шаралар өткізу жоспарланған.  

Хабар 24 телеарнасы