379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс-шараға қатысты

  • 238
  • UPD: 13:59, 01.05.2019

«Ынтымағы елімнің, Елбасының еңбегі».

Бүгін бас қалада өтіп жатқан ауқымды мерекелік бағдарлама осылай аталады. Дәл қазір «Қазақ елі» монументінің алаңы қызу думанға бөленді. Шара Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады. Мейрам барысында этно-мәдени бірлестік өкілдері өз өнерлерін ортаға салды. Олардың саны 20-дан астам. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ ұлттық тағамдарынан бастап татар-башқұрт этносының ас мәзірінен дәм татты. Сондай-ақ қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады. Елбасы «төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» тәмсілін еске салды. Сөйте келе еліміздің бірлігін сақтап, тәуелсіздігін нығайту қажеттігін айтты. «Әрбір отбасыға береке, көпұлтты Отанымызға өсіп-өркендеу тілеймін», – деді Тұңғыш Президент.

Хабар 24 телеарнасы