378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Талдықорғанға барды

  • 227
  • UPD: 12:59, 02.05.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары Алматы облысында жалғасты.

Президент мінген ұшақ осыдан бірер сағат бұрын Талдықорған қаласының әуежайына барып қонды. Мемлекет басшысы кідірместен Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында жетісулық жұртшылықпен кездесті. Ол жерде Президентке Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысы баяндалды. Дөңгелек үстел басында Президент өңірдің экономикалық, тарихи маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары барысында бүгін Талдықорған қаласындағы бірнеше нысандарды аралайды. Оның ішінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен «Қайнар АКБ» аккумулятор зауыты бар. Содан соң Мемлекет басшысы Қаратал ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен де таныспақ. Ол жайында жаңалықтарымыздың келесі топтамасында айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы