378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығу барысын бақылады

  • 245
  • UPD: 14:35, 03.05.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жаркент өңіріне барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент «Көктал» полигонында өтіп жатқан «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығу барысын бақылады. Ауқымды шараға 8 мың жауынгер мен 2 мыңға жуық әскери техника жұмылдырылған. Осыдан екі апта бұрын басталған әскери оқу-жаттығу бүгін түйінделеді. Сақа сарбаздардың қарым-қабілетін көрген Мемлекет басшысы ізінше полигонда орналасқан бірқатар нысанды аралады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылжымалы далалық-әскери госпитальдің, азық-түлік және оқ-дәрі сақтайтын қоймалардың жұмысы таныстырылды.

Талғат Қойбақов, ҚР ҚК құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары:

– Оқу-жаттығу бойынша Қазақстан аумағына содырлар тобы кіріп, таулы өлкеде жасырынды. Олармен күрес жүргізуге «Оңтүстік», «Шығыс» және «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскерлері жұмылды. Олар лаңкестер жасырынған аумақты оқшаулап, қарсы күрес жүргізді. Сарбаздарға ерекше талап қойылды. Олар таулы аймақта ұтымды ұрыс жүргізудің озық үлгісін көрсетулері қажет болды.

Хабар 24 телеарнасы