378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы қолайлы визалық тәртіп инвестиция тартуға түрткі болды

  • 357
  • UPD: 08:11, 08.05.2019
Қазақстандағы қолайлы визалық тәртіп инвестиция тартуға түрткі болды

Соңғы жылдары Қазақстан үкіметі шетел инвестицияларын елге тарту үшін қолайлы жағдай жасады.

Дамыған мемлекеттердің азаматтарына елімізге визасыз келуге рұқсат етілді. Іскер топ өкілдері осы мүмкіндікті кеңінен қолданып жүр. Бұл АҚШ компанияларының Қазақстан экономикасына салған инвестициялар көлемінің артуына өз септігін тигізген. Америкалық кәсіпкерлер құжат рәсімдеуге уақытын жұмсамай, кез келген кезде қазақстандық әріптестерімен кездесу үшін елімізге келе алады. Ал ірі жобаларды жүзеге асыратын болса, шетел инвесторларына ешбір кедергісіз ұзақ мерзімді арнайы  визалар беріледі. Бұл бизнес жүргізуді едәуір жеңілдетеді.

Геннадий Перепада, консалтинг компаниясының басшысы: 

- Визасыз қатынаудың арқасында Қазақстанға құйылған инвестициялар көлемі артты. Консалтинг қызметтерін көрсететін компания ретінде бізге сіздердің елдеріңізден инвестиция бойынша көмек және кеңес беруге қатысты тапсырыстар көптеп түсетін болды. Тұңғыш Президенттеріңіз қалаған экономикалық және саяси тұрақтылық америкалық бизнестің Қазақстанда қанат жаюына сеп болып, жұмыс істеуге деген сенімді арттырды. Мұның бәрін біздің компаниялар жақсы түсінеді әрі елдеріңізге инвестиция құюға ынталы.

Хабар 24 телеарнасы