378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Қандай да бір сын айту заң аясында болуы тиіс

  • 194
  • UPD: 17:04, 08.05.2019
Қ.Тоқаев: Қандай да бір сын айту заң аясында болуы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жиналуына қатысты сөз қозғалатын болса, оның барлығы рұқсатпен болуы керектігін ескертті.

Бұл мәселе көтерілген видеоны Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«Менің түсінігімдегі әділет – заңның салтанат құруы. Мемлекеттік шенеуніктер де, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де – барлығы заңға бағынуы керек. Сондай-ақ заңды ел азаматтары да сақтауы тиіс. Заң бәріне бірдей. Қандай да бір сын айту да заң аясында болуы тиіс. Адамдардың жиналуына қатысты айтар болсақ, ол да рұқсатпен болуы шарт. Сондықтан мен біздің елде заңдардың сақталатынын қатаң ескертемін», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Б.Дембаевтің «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабының тәртібінде жасаған үндеуі prokuror.gov.kz сайтында жарияланды.

Үндеуде: «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде. Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын. Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз. Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады», – делінген.

Хабар 24 телеарнасы