378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін - Жеңіс күні

  • 409
  • UPD: 09:32, 09.05.2019

Бүгін еліміз Жеңіс күнін тойлап жатыр.

Осыдан 74 жыл бұрын Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Жеңіс туын желбіретуге қазақстандықтар да қомақты үлес қосты. Жиыны 1 млн 200 мыңнан аса жерлесіміз майдан даласына аттанса, оның 3 жарым мыңнан астамы партизандық қозғалыста ерлік көрсетті. Бүгінде 615 Кеңес одағы батырларының есімі белгілі. Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күнін 71 соғыс ардагері қарсы алуда. «Отан қорғаушылар» монументі алдыңда «Батырларға тағзым» сынды басты мерекелік шаралар өтеді. Сондай-ақ елорда көшелерінде театрландырылған көріністер, әскери әндер мен сарбаз ботқасы көпшілікке ұсынылады. 

Хабар 24 телеарнасы