389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы «Отан қорғаушылар» монументіне даңқ гүлін қою рәсіміне қатысты

  • 445
  • UPD: 22:52, 09.05.2019

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіне даңқ гүлін қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты іс-шараға соғыс және тыл ардагерлері де арнайы шақырылды. Жиналғандар майдан даласында ерлікпен шайқасып, бейбітшілік жолында қайтыс болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік жиыннан кейін Қазақстан Президенті соғыс және тыл ардагерлерімен жүздесіп, ел қаһармандарын Жеңіс күнімен құттықтады. Даңқ гүлін қою рәсіміне Мемлекет басшысынан бөлек Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мен Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Үкімет басшысы Асқар Мамин және еліміздегі дипломатиялық өкілдіктердің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

Хабар 24 телеарнасы