378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі машина құрастыру кәсіпорындары жүк көлікке қосалқы бөлшек шығарады

  • 179
  • UPD: 15:29, 11.05.2019

Еліміздің машина құрастыру кәсіпорындары «Камаз» және атақты «Кировец» тракторын шығаратын Петербург  зауытына құрамдас  бөлшектер өндіруді бастайды.

Үстіміздегі жылдың наурыз айында Ресей мен Қазақстанның профильді министрліктері арасында өндірістік кооперация жөніндегі келісімге қол қойылған. Бұл Еуразиалық Экономикалық Одақ кеңістігіндегі импорт алмастыру жөнінде жүзеге асып жатқан саясаттың жемісі. Мәселен, Екібастұздың «Проммашкомплект» зауыты тұтас таптамалы теміржол дөңгелектерімен одаққа мүше елдерді қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорынның жұмысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр танысты. Cондай-ақ ол  Қазақстанның вагон жасау компаниясында болды. Кәсіпорын соңғы жылдары Ресей Федарециясынан құрамдас бөлшектер жеткізуде  қиындықтарға тап болған. Кездесу барысында Роман Скляр тиімді менеджментті қалыптастыру жағына мән беруді ұсынды. Бүгінде  Қазақстанда жасалған вагондарға көрші мемлекеттерден сұраныс бар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі сонымен қатар «Нұр-Сұлтан - Павлодар» автобанының құрылысы жүріп жатқан  кейбір учаскелерін аралады. Жоспарға сәйкес,  автокөлік жолы жыл соңына қарай қолданысқа беріледі. Жобаны мерзімді аяқтау үшін министр мердігерлерге жұмыс қарқынын үдетуді тапсырды. Ал «Орталық-Шығыс» көлік дәлізінде  жолақысын төлеудің жаңаша жүйесі енгізілмек.

Роман Скляр, ҚР Индустрия және  инфрақұрылымдық  даму министрі:

- Біз енді  көліктің нөмірін айқындайтын ашық жүйені енгізуді жоспарлап  отырмыз. Көліктің нөмірі анықталған жағдайда түбіртек жүргізушінің үйіне немесе осы жолды пайдаланған  ұйымға жолданады. Сонымен қатар  жолды пайдаланушы автокөлік иесі басқа ақылы гибридті учаскеге шыққан кезде шлагбаумның алдында төлеуге міндетті болады. Жолдың ақысы төленбейінше шлагбаум  ары қарай  өткізбейді. Бұл жүйе қазір мейлінше сұранысқа ие болып отыр. Өйткені технология бір орнында тұрмайды. Яғни ақыны өндіріп алу пункттері мен  кезектер болмайды. Мұны  бір жағынан сандық жүйе элементтерінің біріне жатқызуға болады.

Хабар 24 телеарнасы