378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде сайлауалды үгіт-насихат шаралары басталды

  • 290
  • UPD: 23:47, 11.05.2019
Елімізде сайлауалды үгіт-насихат шаралары басталды

Бүгін кешкі сағат 18:00-де Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы сайлау осымен алтыншы рет өтіп отыр. Орталық сайлау комиссиясы жеті кандидатты тіркеді. Олар: Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігі атынан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы атынан Сәді-Бек Түгел, «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» атынан Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Дания Мәдиқызы Еспаева, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Төлеутай Сатайұлы Рахымбеков, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Жамбыл Әужанұлы Ахметбеков және «Ұлт тағдыры» ұлттық патриоттық қозғалысының қоғамдық бірлестігі атынан Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов.

Хабар 24 телеарнасы