389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

  • 627
  • UPD: 23:41, 12.05.2019
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Қазақстанның басым бөлігі онтүстік циклонның ықпалында болады.

Осыған байланысты 13 мамырда республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, онтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Павлодар облыстарының күндіз кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі  күтіледі, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады деп күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы