387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен БҚО-ға барды

  • 617
  • UPD: 17:07, 13.05.2019
Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен БҚО-ға барды facebook.com

Қ.Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Президентті Орал қаласының әуежайынан облыс әкімі Алтай Көлгінов күтіп алды. Бұл – Мемлекет басшысының облысқа жасаған алғашқы сапары. Ұшақтан түсе сала, Президент бірден Жайық жұртымен жүздесу үшін Оқушылар және жастар сарайына барды. Осы сағаттарда оның қатысуымен үлкен жиын өтіп жатыр. Онда Мемлекет басшысы облыс басшылығына бірнеше міндет жүктеді. Оның ішінде, облысқа инвестиция тарту, жолды жөндеу, сапалы ауызсумен қамту секілді мәселелер бар. Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Орал қаласында орналасқан бірнеше нысанды аралайды. Олардың ішінде жаңадан ашылған медициналық орталық, Орал трансформатор зауыты мен ақпараттық колледж де бар.

Хабар 24 телеарнасы