378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Қызылордадағы көп салалы балалар ауруханасына барды

  • 118
  • UPD: 13:31, 14.05.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысып, бірқатар нысанды аралады. Мемлекет басшысы алдымен облыстық көп салалы балалар ауруханасының ұжымымен кездесті. Емдеу мекемесі осыдан 2 жыл бұрын қолданысқа берілген. Қазір онда 500-ден аса білікті дәрігер жұмыс істеп жатыр. Орталық заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда күрделі операцияларды, лабораториялық зерттеулерді жасауға мол мүмкіндік бар.

Зоя Көшенова, облыстық көп салалы балалар ауруханасының бас дәрігері:

- Бұрын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталмай тұрғанда, жоғары технологиялық тәсілдерді қолданбай тұрғанда балаларымыз республикалық мекемелерге, Алматы, Астана қаласына жолданып отыратын. Қазіргі таңда оның барлығы қолжетімді. Жергілікті осы облыстық көп салалы балалар ауруханасында қабылдап жатыр.

Заманауи орталық жұмысымен танысқан Мемлекет басшысы ізінше аймақтағы күріш зауытына барды. Алып кешенде тәлугіне 150 тонна күріш өндіріледі. Дайын өнімдер ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етіп отыр. Одан бөлек іргедегі қырғыз еліне, Өзбекстанға және Ресейге жеткізілуде. Болашақта мамандар күріштен тез дайындалатын кеспе әзірлеуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы