378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті Қызылордадағы «Жан-Арай» агроиндустрия кешенінің жұмысымен танысты

  • 125
  • UPD: 14:30, 14.05.2019
ҚР Президенті Қызылордадағы «Жан-Арай» агроиндустрия кешенінің жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы күріш өңдеу ісіне мамандандырылған агроиндустриялық кешенде болып, оның жұмысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа зауыттың негізгі шығаратын өніміне қатысты мәлімет берілді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен әңгімелесіп, бұл саланы өркендетудің басты бағыттарын атап көрсетті.

– Ауыл шаруашылығы – әлеуеті өте зор, стратегиялық маңызды сала. Бұл саладағы мәселелерді жақсы білеміз. Мемлекет оларды шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады, - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір еңбеккерлеріне зор табыс тіледі.

Хабар 24 телеарнасы