378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Халықаралық валюта қорының басқарушы директорымен кездесті

  • 155
  • UPD: 17:53, 16.05.2019

Астана экономикалық форумына халықаралық валюта қоры тарапынан зор маңыз берілді.

Ұйымның басқарушы директоры Кристин Лагард шараның ашылу рәсімінде сөз сөйледі. Мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қабылдап, Қазақстан мен Халықаралық қор ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономика жүйесінің дамуындағы маңызды үдерістер жайлы пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сізбен Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Астана экономикалық форумына жеке өзіңіздің қатысуыңыз форум жұмысы мен біздің ел үкіметі үшін өте пайдалы болады деген сенімдемін.

Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры:

– Көп рақмет. Нұр-Сұлтан атты елордаларыңызға қайта келіп отырғаныма мен де қуаныштымын. Астана экономикалық форумына соңғы рет 2016 жылы қатыстым. Шарадан зор әсер алған едім. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенім есімде.

Хабар 24 телеарнасы