380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

  • 193
  • UPD: 15:48, 21.05.2019
Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Мемлекет басшысының Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастығы форумына қатысуы жоспарлануда. Сонымен қатар Қазақстан Президенті өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарын аралап көріп, Қостанай қаласы әкімдігі қоғамдық қабылдауының жұмысымен танысады», - деді Берік Уәли өзінің парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы