380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Мен сенемін» қоғамдық қорының өкілдері ҚР Президентінің экочелленджге қолдау көрсетуін сұрады

  • 255
  • UPD: 17:42, 21.05.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүр.

Мемлекет басшысы әуелі Қазақстан-Ресей жастарының форумына қатысу үшін Қостанай қаласында орналасқан «Жастар сарайында» болды. Бұл жерде мәртебелі мейманды «Мен сенемін» қоғамдық қорының өкілдері қарсы алып, президентке «елімді сүйемін» деген жазуы бар жейде табыстап, «Қазақстан сулары» атты экочелленджге қолдау көрсетуін сұрады. Бұл тазалық акциясы Қазақстандағы өзендерді қоқыстан тазартуға арналған. Қазір еліміздегі 48 өзеннің, тек екеуі ғана тазалық нормаларына сай келеді екен. Форум барысында Жастар президентке өз бастамалары жайында кеңірек әңгімелеуге мүмкіндік алды. Мемлекет басшысы форумда ерікті болудың ерекшеліктерін айта келіп, өз тарапынан екі ұсыныс айтты. Соның бірі «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығын тағайындау мен Қазақстан-Ресей волонтерлік ұйымдарының кеңесін құру. Президенттің қос ұсынысын жастар қызу қолдады.

Хабар 24 телеарнасы