382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президентінің Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды

  • 184
  • UPD: 13:08, 22.05.2019
Қазақстан Президентінің Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды.

Өндірісті өңірде Президент бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, аймақ жұртшылығымен кездеседі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі жұмыс кестесі өте тығыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысынан кейін Ақтөбе өңіріне келді. Бұл аймақта Президент бірқатар әлеуметтік нысанды аралайды. Солардың қатарында шетелдік инвесторлардың көмегімен салынған жылыжай кешені, Ақтөбе индустриалды аймағы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Жекпе-жек күрес сайысы және облыстық медициналық орталық бар. Мұнда Президент облыстың медицина саласындағы алдағы даму қарқынымен танысады. Ақтөбе алдағы уақытта батыс аймақтық медициналық хабқа айналады. Бұл бағытта бірқатар жоба қолға алынып жатыр. Ол жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының пікірін білген едік. Сөзіне құлақ түрейік.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Осы орталық іске қосылғанда батыс өңіріндегі медициналық хабқа айналуы керек. Жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі таңда медициналық орталықта жыл сайын 24 мың 838 адам емделді. Осы іске қосылса, 30 мыңға жуық науқас емін алады.

Бүгін Президент баратын нысандардың қай-қайсысы да ел экономикасы үшін маңызы зор. Мәселен, жылыжай кешені былтыр голландиялық технология негізінде бой көтерген. Биылғы сәуірде алғашқы өнімдерін беріп те үлгерді. Қазақстанның ішкі нарығымен қоса Ресей қызанақ өнімдерін жөнелтті. Ал индустриалды аймақта бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр. 8-і жыл аяғына дейін аяқталады. Сол секілді Ақтөбе ферроқорытпа зауыты индустриалды аймақ екені белгілі. Онда биыл бірқатар әлеуметтік жоба қолға алынған. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған бастама да бар. Медициналық орталықта бүгін Президент халықаралық конференцияға қатысады және Жекпе-жек сарайында батыс аймақтар арасында өтіп жатқан жарыстың басы-қасынан табылады.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Ербол Дайыров, Антон Блатрушевич

Хабар 24 телеарнасы