380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

  • 178
  • UPD: 13:31, 23.05.2019
Қазақстан Президенті «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмұнайгаз» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 4 айдың ішінде атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ компанияның IPO-ға дайындығы жөнінде баяндалды.

Қазақстан Президенті басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы корпоративтік басқару ісін дамыту, ұлттық компанияға білікті жас мамандарды тарту қажеттігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы