389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Голос. Дети» байқауы финалистерінің барлығы жеңімпаз атанды

  • 688
  • UPD: 13:54, 25.05.2019

«Бірінші арнада» «Голос. Дети» вокалдық шоуының алтыншы кезең финалистерінің барлығы жеңімпаз атанды.

Бұл туралы арнайы шығарылым кезінде «Бірінші арнаның» бас директоры Константин Эрнст мәлімдеді.

«Біз Talpa компаниясымен бірге осы форматты ойлап тауып, мүмкін болатын барлық нұсқаларды қарастырып шықтық. Түсінгеніміз, бұл жағдайда біз қайта дауыс беруді өткізе алмаймыз. «Голос. Дети» байқауының тарихындағы ең мықты финалға деген құрметпен, Ержан Максим, Нино Чеснер, Валерий Кузаков, Рената Таирова, Роберт Багратян, Анастасия Сисаури, Михаил Григорян, Мариам Абделькадер және Микелла Абрамова жобаның жеңімпазы болады», деді Эрнст.

Естеріңізге сала кетейік16 мамыр күні«Бірінші арна» Ресейде өткен «Голос. Дети» байқауы ақтық финалының қорытындысын жойды. Дауыс нәтижесін қайта қарау кезінде сыртқы әсердің болғаны анықталған болатын.

Байқауда бірінші орынды Микелла Абрамова, ал қазақстандық Ержан Максим екінші орынды иеленген болатын.

Ұйымдастырушылар байқауға 9 финалистің қатысатынын айтқан. Алайда Микелла Абрамова байқаудың қайта өткізілген финалына бармауды ұйғарды.

Бұл жайында байқаудың жүргізушісі Дмитрий Нагиев өз пікірін білдірді. «Әрине, біз барлық финалистерді шақырдық, алайда Микелла Абрамова финалға келмеуді жөн көрді. Бірақ ол «Голос» байқауының мүшесі болып қала береді. Біз оған табыс тілейміз», деді ол.

Хабар 24 телеарнасы