383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда батутты заңсыз қойған адам қамалды

  • 373
  • UPD: 09:43, 27.05.2019

Қарағандыда бала өліміне әкеліп соққан үрмелі батутты қолданысқа енгізген 40 жастағы қала тұрғыны «сауық нысанын заңсыз әрі талапқа сай орналастырмағаны» үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қарағанды қаласының Орталық демалыс саябағында ауа райының қолайсыздығына байланысты, қатты жел үрмелі батутты аударып тастаған.Оқиға салдарынан 11 жастағы бала қаза тауып, тағы да 2 бала түрлі жарақатпен емханаға жеткізілді. Олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлердің айтуынша балалардың  өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-тармағына сәйкес «Адам өліміне алып келген қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысы Қарағанды облысы Полиция департаментінің және прокуратурасы басшылығының бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы