389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлы отырысы өтіп жатыр

  • 901
  • UPD: 16:51, 29.05.2019
Елордада Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлы отырысы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлы отырысы өтіп жатыр.

Онда одаққа мүше мемлекеттер ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарастырып, одақтың кеден аумағына әкелінетін тауарларды қадағалау тетіктерін реттейтін бірқатар халықаралық шартқа және ортақ Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қояды. Одаққа мүше 6 мемлекет басшыларымен қатар отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет басшысы ретінде Молдова президенті Игорь Додон және құрметті қонақ ретінде Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон мен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев қатысады деп жоспарланған. Сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттер ортақ энергетикалық нарықты қалыптастыруға байланысты мәселелерді, ЕАЭО-ның цифрлы күн тәртібін іске асыру бойынша өзекті қызмет пен Одақты одан әрі дамыту келешегін қарастырады. Отырыс соңында мемлекет басшылары ұйымның 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын талқылайды.

Мерейтойлы отырыстың барысын мына сілтемеден көруге болады

Хабар 24 телеарнасы