378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы атанды

  • 188
  • UPD: 14:16, 29.05.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды.

«Еуразиялық интеграция идеясының авторы және бастамашысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке құрмет көрсетуге рұқсат етіңіздер. Елбасының саяси көрегендігінің арқасында еуразиялық интеграция идеясы шынайы жүзеге асырылып, құрлықтың экономикалық, сонымен қатар геосаяси ландшафтын түрлендірді десек те болады. Сондықтан оның Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасуындағы рөлін ескере келе, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды. Бұл бастамаға ұйытқы болған және қолдаған одаққа мүше мемлекеттің барлық басшыларына алғыс білдіремін», - деді отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы