378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев пен Д.Туск саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

  • 212
  • UPD: 17:29, 31.05.2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніне барды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің Төрағасы Дональд Туск қасірет қақпасының алдында бас иіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті. 

Қазақстан Президенті мен Еуропалық кеңес басшысы «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, саяси құрбандардың өмірі жайлы мәліметтер жинақталған кешен музейін аралап көрді.

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылдан бері аталып келеді.

Хабар 24 телеарнасы