378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

  • 328
  • UPD: 07:32, 01.06.2019
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні.

Бұл атаулы дата жөніндегі шешім 1949 жылы Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған. Біріккен Ұлттар Ұйымы игі  бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметіндегі басым бағыттың біріне айналдырды. Ұйым жүргізген сауалнамаға жүгінсек, бүгінде әлемде әрбір оныншы бала ересектер тарапынан жасалатын зорлық- зомбылықтан зардап шегіп жүр. Аш-жалаңаш, соғыс өрті, терактілер балғындар өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, оларды бал-дәуреннің бақытынан айырады. Сондықтан оларға қамқорлық жасауды насихаттап, қоғамның назарын аудару үшін бұл күн айрықша аталып өтеді. Тәуелсіз Қазақстанда да жыл сайын 1 маусымда шарапаты мол көптеген шаралар ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы