389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

  • 313
  • UPD: 23:38, 02.06.2019
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі.

Кейбір жерлерде жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста катты жаңбыр жауады, тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіліп, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Алматы, Шығыс-Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, Шығыс Қазақстан, Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде найзағай күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, кей жерлерде Қарағанды облыстарында күндіз аптап ыстық болады.

Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы