389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні

  • 1038
  • UPD: 10:44, 04.06.2019

Осыдан 27 жыл бұрын егемендігіміздің белгісі ретінде бекітілген Ту, Елтаңба және Әнұран ұлтымыз үшін аса қастерлі құндылықтар.

Мемлекеттік рәміздер барша қазақстандықтың рухын асқақтатып, ұлттық бітім-болмысын айшықтайды.

Айта кетейік, ортасында шұғылалы күн және қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көк Туымыз – суретші Шәкен Ниязбековтің туындысы. Ал көгілдір түс аясында шаңырақ түрінде өрнектеліп, қос қапталында пырақтар қанат жайған Елтаңба – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлихановтың еңбегі. Мәтінін Жұмакен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған «Менің Қазақстаным» әні де тәуелсіздік нышандарының бірі. Әнұранымыз мемлекеттік деңгейдегі рәсімдер мен сайыстағы саңлақтар жеңімпаз атанған кезде шырқалып, рухани күш-қуат береді.

Хабар 24 телеарнасы