378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эльмира Суханбердиеваға қандай айыптар тағылып отыр

  • 425
  • UPD: 20:53, 06.06.2019

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның үстінен қылмыстық кодекстің 3 бірдей бабы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды, пара алды және кәсіпкерлікке заңсыз қатысты деген айып тағылып отыр. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты екі айға қамау шарасын қолдану туралы шешім шығарды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми өкілі мәлімдеді.

Жанна Бастарова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми өкілі:

– Сот санкциясы бойынша Ғылым және білім вице-министріне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат ҚР қылмыстық процесстік кодекстің 201-бабына қатысты жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім, кінәсінің дәрежесін анықтау сотпен шығарылады.

Сондай-ақ ұлттық бюро өкілінің мәлімдеуінше, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол медициналық мекемелерге залалсыздандыру жабдықтарын сатып алуды жүргізу барысында жеке компания басшысынан 3 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті қазір уақытша ұстау абақтысына қамалған. Бұлтартпау шарасын қабылдау бойынша мәселе қаралып жатыр.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ұлттық бюроның білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғаған еді.


Хабар 24 телеарнасы