389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк: Желіде таралған ақпарат жалған

  • 621
  • UPD: 16:56, 07.06.2019
Ұлттық банк: Желіде таралған ақпарат жалған Total.kz

«Депозиттердің шешілуі, банктердің ақша беруден бас тартуы, банктердің бөлімшелерінде валютаның жетіспеуі» жөнінде желіде таралған хабарлар дәйексіз және арандатушылық ақпарат.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp және басқа мессенджерлер арқылы хабар жіберу жолымен депозиттердің шешілуі, банктердің ақша беруден бас тартуы, банктердің бөлімшелерінде валютаның жетіспеуі туралы дәйексіз және арандатушылық ақпарат таратылуда.

Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық банкі барлық банктерде қажетті валюта қорлары бар екендігін, Ұлттық банктің аумақтық филиалдары жоспарланған режимде банктерді қолма-қол ұлттық және шетел валютасымен қамтамасыз етіп жатқандығын хабарлайды. Депозиттік база тұрақты, банктердің клиенттеріне қызметтер толық көлемде көрсетілуде», делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық банкі жалған ақпаратты таратушыларды және оның авторларын анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінген.

Хабар 24 телеарнасы