378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттердің жаппай жабылып жатқандығын жоққа шығарды

  • 213
  • UPD: 23:24, 07.06.2019

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова бүгін Telegram каналында жарияланған «Паника началась» деген ақпаратты жоққа шығарды. Онда әлдекімдер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары өз депозиттерін жауып жатқандығы туралы жалған мәлімет таратқан. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, тек бүгіннің өзінде банк бөлімшелерінде 500-ден астам адам депозит ашып, 300-ге жуық салымшы займ алған. Қазіргі уақытта банктің депозиттік қоры 688 миллиард теңгеден асқан.  

Ләззат Ибрагимова, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы:

- Түскі 12-ге таман Telegram каналда осындай жалған ақпарат тарады. Кезек көп, адамдар депозиттерін жауып жатыр деп айтыпты. Бұл ешқандай шындыққа жанаспайды. Банктің Алматыдағы және өзге аймақтардағы бөлімшелері күндегідей жұмыс істеп жатыр. Ертең де әдеттегідей түске дейін жұмыс істейді. Жалған ақпарат таратушыны анықтау үшін құқық қорғау органдарына арыз жаздық.

Хабар 24 телеарнасы