384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда президент сайлауы басталды

  • 498
  • UPD: 20:45, 09.06.2019

Әр азамат өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын жүзеге асырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде және шет елдерде жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлау учаскелері ашылды.

Елордадағы білім инновация лицейі. Мұнда №80 сайлау учаскесі орналасқан. Бүгін бұл жерге 3 мыңға жуық адам келіп, өз таңдауын жасамақ.

Бүгін елде 10 мыңдай сайлау учаскесі жұмыс істемек. Дені мегаполистерде орналасқан. Мәселен, Шымкенттегі 750 мыңдай адам 260 участікке бөлінген. Дауыс беру үшін. Соның бірі №221 бөлімше. Мұнда да барлығы тап-тұйнақтай. Саяси науқанға әзір. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше жағдай жасалыпты.

Жанна Құлбекова, №221 сайлау уческесінің төрайымы:

- Жеті кабинаның біреуі арнайы мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған. Бұл уческеде мүмкіндігі шектеулі 11 адам дауыс береді.

Сауда саласында қызмет ететіндер де бүгін кешікпей дауыс бере алады. Айталық, елордадағы базарлар түстен бастап ашылады. Бір бұл емес. Осы күні бірнеше қалада оның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы шаһарларында жұртшылық қоғамдық көліктерде тегін жүре алады.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы