384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ОСК дауыс беру күні сайлаушылардың келуін қорытындылады

  • 218
ҚР ОСК дауыс беру күні сайлаушылардың келуін қорытындылады election.gov.kz

9 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында күні бойы учаскелердің ашылуына және дауыс берудің басталуына арналған брифингтер өткізілді, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының сайлаушылардың келуі туралы мәліметтерін ұсынды.

Шетелдік учаскелерде дауыс беру туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Роман Юрьевич Василенко ұсынды. Сонымен қатар дауыс беру күні келіп түскен шағымдар мен өтініштер, сондай-ақ оларды қарау барысы туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Бекназарұлы Дембаев ақпарат берді. Сайлауда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Шәдетханұлы Қожаев баяндады. Республика бойынша дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды, тек қана Батыс Қазақстанның бес өңірінде, уақыт айырмашылығына байланысты, сағат 21.00-де аяқталды. 22.20-да Орталық сайлау комиссиясының дауыс беру күні сайлаушылардың келу қорытындылары туралы отырысы өтті. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 маусымда тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 77,4% сайлау бюллетеньдерін алды.

Олардың ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 83,4 %

Ақтөбе облысы бойынша – 84,9 %

Алматы облысы бойынша – 89,0 %

Атырау облысы бойынша – 71,2 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 84,9 %

Жамбыл облысы бойынша – 81,3 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,3 %

Қарағанды облысы бойынша – 77,3 %

Қостанай облысы бойынша – 84,1 %

Қызылорда облысы бойынша – 81,6 %

Маңғыстау облысы бойынша – 68,9 %

Павлодар облысы бойынша – 81,2 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,8 %

Түркістан облысы бойынша – 84,8 %

Алматы қаласы бойынша – 52,2 %

Шымкент қаласы бойынша – 67,6 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 68,9 %

Хабар 24 телеарнасы