384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қоғамдық пікір» институты exit poll қорытындысын жариялады

  • 451
  • UPD: 02:19, 10.06.2019

Елімізде өткен президенттік сайлау бойынша еxit poll қорытындысын «Қоғамдық пікір» институты кеңесінің төрайымы Айнұр Мажитова жариялады:

- «Қоғамдық пікір» институты бүгін күні бойы сайлау учаскелеріне шығаберісте азаматтарға әлеуметтік зерттеу – exit poll жүргізді. Интервьюерлер 325 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізді. Оның ішінде облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 97 учаске, шағын қалаларда 94 учаске, ауыл округтерінде 134 учаске қамтылды. Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңының 28-бабына сәйкес, «Қоғамдық пікір» институты Орталық сайлау комиссиясының exit poll-ды қоса алғанда, сайлауалды әлеуметтік сауалнама жүргізу ниеті туралы хабардар етті. Exit poll әлеуметтік емес, үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылатын ел тірегі. Заңды тұлғаларды бірлестігінің тапсырысы бойынша орындалды. Сауалнама сайлаушыларға халықаралық стандарттық әдістеме бойынша жүргізілді. Респонденттерге бір сұрақ қойылды: «Айтыңызшы, Қазақстан Республикасының президенттік сайлауында қай кандидатқа дауыс бердіңіз?». Таңғы сағат 07:00-ден  кешкі сағат 20:00-ге дейін сауаланаманың алты толқыны өтті. Нәтижесінде 13 мың 200 сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Іріктеме қателігі шамамен 3 пайызды құрайды. Сауаланама жүргізу жұмысына 350-ден астам интервьюер атсалысты.

Exit-poll нәтижелерін жариялауға рұқсат етіңіздер:

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлына – 3,86%

Еспаева Дания Мәдиқызына – 5,32%

Қосанов Әміржан Сағдирахманұлына – 15,39%

Рақымбеков Төлеутай Сатайұлына – 3,03%

Таспихов Аманкелді Сатыбалдыұлына– 1,41%

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына – 70,13%

Түгел Сәді-Бекке – 0,86%

дауыстарын берді.

Айта кетейік, ҚР ОСК қорытындысы бойынша аймақтардағы сайлаушылардың дауыс беруі туралы мәліметтер келесідей болды: 

Ақмола облысы бойынша – 83,4 %

Ақтөбе облысы бойынша – 84,9 %

Алматы облысы бойынша – 89 %

Атырау облысы бойынша – 71,2 %

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 84,9 %

Жамбыл облысы бойынша – 81,3 %

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 66,3 %

Қарағанды облысы бойынша – 77,3 %

Қызылорда облысы бойынша – 81,6 %

Қостанай облысы бойынша – 84,1 %

Маңғыстау облысы бойынша – 68,9 %

Павлодар облысы бойынша – 81,2 %

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,8 %

Түркістан облысы бойынша – 84,8 %

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 68,9 %

Алматы қаласы бойынша – 52,2 %

Шымкент қаласы бойынша – 67,6 %

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 маусымда тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 77,4% сайлау бюллетеньдерін алды.

Хабар 24 телеарнасы